USD
USD
USD

Ресей Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректі шектеуі мүмкін

Кейбір өңірлердегі билік өкілдері ғана қаза тапқандар туралы мәліметтерді ашық хабарлауда.

Ресей Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректі шектеуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Ресей билігі Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректерді шектемек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  Ескере кететін жайт, қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы деректер 2015 жылдан бері құпия түрде сақталады. Олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктерді, яғни зейнетақыны, тұрғын үйді, коммуналдық шаруашылық төлемдерді немесе санаторий жолдамаларын азаматтық шенеуніктер рәсімдейді. Олардың ата-аналары мен жұбайларының есімдері арнайы кітапқа енгізіп отырады.

Елдің Қорғаныс министрлігі Украинада ажал құшқандардың туыстары үшін ерекше тәртіп енгізіп, жеңілдіктерді рәсімдеуді әскери комиссариаттарға тапсыруды ұсынып отыр. Осылайша оларға қатысты деректер қолжетімсіз болуы мүмкін.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада қаза тапқан әскери қызметкерлердің есімін ресми түрде жариялап отырған жоқ. Тек кейбір өңірлердегі билік өкілдері ғана олар туралы мәліметтерді ашық хабарлауда.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян