USD
USD
USD

Ресей: Украина келіссөзді болдырмауға әрекеттеніп жатыр

 АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің қаржы мекемелеріне, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға жаңа санкциялар салады. 

Ресей: Украина келіссөзді болдырмауға әрекеттеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді. Айтуынша, Кремльді жазалауға қатысты түпкілікті шешім бүгін қабылданады. Санкцияларды енгізуге Ресей әскері басып алған Украинаның Буча қаласында азапталып өлтірілген жүздеген бейбіт тұрғынның табылуы себеп болған.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

– АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Ресейге санкциялар салу туралы мәлімдемелерді сәрсенбі күні жариялайды. Бұл ресейлік шенеуніктерді жауапқа тартуға бағытталған іс-әрекеттердің жалғасы болмақ.

Украина келіссөздерді болдырмауға әрекеттеніп жатыр. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев пен Батысты осылай деп айыптады. Айтуынша, Бучадағы жантүршігерлік көріністерді Украина тарапы қасақана ұйымдастырған.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

– Соңғы күндері Батыс пен Киев Украина әскері Бучада түсірген бейнежазба арқылы дүрбелең тудырып, теріс үгіт-насихат жасап жатыр. Мұндағы басты мақсат – Украинамен арадағы келіссөздерді болдырмау. Біз Киевтен зымияндықпен айналыспауды талап етеміз. Бізде Бучадағы бейнежазбаларды Украина әдейі қолдан ұйымдастырып отырғанын дәлелдейтін толық айғақ бар. Бұл назарды басқаға аудару амалы.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан