USD
USD
USD

Ресей спортшыларына санкция күшейді 

  Ресей спортшылары халықаралық жарыстарға қатыса алмайды.

Ресей спортшыларына санкция күшейді 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украинадағы жағдайға байланысты қазір көрші елдің спортына да шектеу күшейді. Мәселен, халықаралық олимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстарға шақырмауға және қатыстырмауға кеңес берді. Олар тек бейтарап спортшы не команда ретінде ғана өнер көрсете алады. Оның өзінде әр жағдайды халықаралық федерациялар арнайы қарастырып, бөлек шешім шығарады. ФИФА мн УЕФА да ресейлік командаларды халықаралық турнирлерден шеттетті.

Мәселен, 24 наурыз күні әлем чемпионатына іріктеу аясында Ресей Польшамен жолығуы керек еді. Бірақ кейінгілері одан бас тартты. Кезекті қарсыластары Чехия мен Швеция құрамалары да осындай мәлімдеме жасады. Хоккейде де шетелдік командалар Ресейде ойнаудан бас тарып жатыр. Мәселен, Құрлықтық Лигада өнер көрсететін латвиялық «Динамо» мен финляндиялық «Йокерит» чемпионатан шығып, арадағы әріптестікті бұзды.

Қазір оқып жатыр

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы