USD
USD
USD

Ресей Сирия қалаларын бомбалауды жалғастыруда

Ресейдің әскери әуе күштері Сирияның солтүстігіндегі  Эль-Баб қаласын бомбалаған. Бұл қала «Евфрат қалқаны» операциясы аясында лаңкестерден тазартылған қала саналады. Бұл туралы түріктің Anadolu агенттігі хабарлады.

Ресей Сирия қалаларын бомбалауды жалғастыруда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сирия оппозициясындағы дереккөздерге сілтеме жасаған түрік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Хмеймим» әуе базасынан ұшып шыққан ресейлік ұшақтар жексенбіге қараған түні Эль-Баб қаласының үш ауданын бомбалаған. Авиабомбалар екі бірдей мешіттің жанында жарылғаны туралы дерек бар. Кемінде бір адам жараланған.

Бұл оқиғаның алдында ғана Эль-Баб қаласының маңында Сирияныфң оппозициялық әскери күштері мен Башар Асадтың үкіметтік әскерінің арасында қарулы қақтығыс болған.

Түркия Сириямен шекаралас аудандарына әскекри техниканы шоғырландыра бастады. Сирияның Идлиб қаласына жақын маңға сауытты ауыр техника мен танктердің кезекті легі келгені туралы дерек бар. Тағы бір мәлімет бойынша, түріктің қарулы күштері Сирия аумағына кіріп те үлгерген.  

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт