Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей S-400 зениттік зымырандарын Үндістанға сатады

Ресей Үндістанға арналған S-400 зениттік зымыран кешендерін шығара бастады. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров айтты.

Ресей S-400 зениттік зымырандарын Үндістанға сатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Almaz-Antey концернінің Үндістанға S-400 зымырандарын шығарумен айналысып жатқанын мәлімдеді. «Ресей қаруды келісім-шартта белгіленген мерзімде жеткізеді» деді ол.

Өткен жылдың қазан айында Үндістан сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкар Вашингтонға сапары кезінде Ресейден S-400 зымырандарын сатып алу құқығын қорғаған. Сол сапарында ол «Ешбір ел Үндістанға қару-жарақты қайдан алу қажеттігін міндеттей алмайды» деген еді.

Ресей қаруын Үндістанға жеткізу 2023 жылдың сәуіріне дейін аяқталуы тиіс.  Сонымен бірге, Ресей вице-премьері Юрий Борисов АҚШ бұл келісімді бұзуға белсенді түрде тырысып жатқанын айтты. Ресей мен Үндістан арасындағы  келісімшарт 2018 жылдың 5 қазанында Ресей басшысы Владимир Путиннің Нью-Делиге сапары кезінде жасалған. Келісім құны 5 миллиард доллардан асады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА