USD
USD
USD

Ресей Одессаға зымыран соққысын жасады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапы келтірген Одессадағы зымыран әуе шабуылдарынан кейін Кремльге жауап берді.

Ресей Одессаға зымыран соққысын жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған.

«Бүгін Ресей Украина, Одессаға тағы бір зымыран соққысын жасады. Кем дегенде сегіз адам қаза тапты, 18-і жарақат алды. Қаза тапқандардың ішінде үш айлық қыз бар. Оның Ресейге қандай қаупі бар еді? Балаларды өлтіру – Ресей Федерациясының жаңа ұлттық идеясына айналған болуы керек. Қыздың анасы мен әжесі де қаза болды», – деді Зеленский Telegram-арнасында жарияланған видеода.   

Президенттің сөзінше, соққы Ресей стратегиялық авиациясы Каспий теңізі аймағынан берілген. Одесса билігінің мәліметінше, қалаға бағытталған екі зымыран әскери нысанға, екеуі тұрғын үйлерге түскен. Ал Ресейдің Қорғаныс министрлігі зымыран соққысы Одесса маңындағы әскери аэродромдағы логистикалық терминалға соққы жасалғанын мәлімдеді, онда АҚШ пен ЕО-дан қару-жарақтың үлкен партиясы сақталған. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян