USD
USD
USD

Ресей мұсылмандары бойкот жариялады

Ресей мұсылмандары "Анамның пингвиндері" телехикаясындағы жайнамаз бен құрбандық шалуға қатысты діни жоралғыларды келеке еткені үшін МТС ұялы байланыс операторына бойкот жариялады. 

Ресей мұсылмандары бойкот жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Режиссер Борис Хлебниковтың ұлы Макар сомдаған фильмнің басты кейіпкері стенд-шоуда өнер көрсетіп, ислам дініне қатысты әзіл айтқан. Серияны режиссер Наталья Мещанинова түсірген MTС онлайн кинотеатрында көруге болады. Стенд-ап әзілдерінің авторы - Евгений Сидоров.

"Евгений Сидоров күлкі арқылы осы мазақ кеңістігіне басқа адамдарды тарта отырып, Исламды көпшілік алдында мазақ етеді, ал аудиториядағылар күледі, бұл оларды қызықтырады. Мен мұсылмандар МТС компаниясына қарсы болуы үшін флешмоб бастадым", - дейді The Muslim YouTube арнасының авторы.

Бұған дейін осетин жұртшылығы әзілкеш Ариана Лолаевадан осетин бәліштері туралы әзілдері үшін кешірім сұратқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық