Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей мен Түркияға қатынайтын рейстер көбейді

Қазақстан Ресей және Түркиямен тұрақты рейстерді көбейтті,  деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Ресей мен Түркияға қатынайтын рейстер көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья - Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан - Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы - Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық