USD
USD
USD

  Ресей мен Тәжікстан автобусы жолда қалды

Павлодар облысының тас жолында РФ мен Тәжікстанның ондаған азаматы бар автобус сынып қалды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

  Ресей мен Тәжікстан автобусы жолда қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «20 қарашада сағат 5.30-да Павлодар-Қызылорда тас жолының 200 шақырымында Екібастұз маңындағы Босшакөл ауылынан 6 км жерде техникалық ақауынан Новокузнецк-Шымкент бағытындағы Setra маркалы жолаушылар автобусы сынып қалған. Салонда 45 адам болған, оның 43-і Тәжікстан азаматы», – деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ведомство ақпарынша, ТЖД, ТЖК «Шідерті» КМҚБ, ЖПҚ, ЖАО қызметкерлері жолаушыларды Босшакөл ауылындағы орта мектептегі жылыну пунктіне апарды. Хабарда атап өтілгендей, жолаушыларға медициналық көмек керек болмаған.

«20 қарашада сағат 4.20-да Павлодар облысы Ақсу қаласының маңында Павлодар-Қызылорда тас жолының 35 шақырымында техникалық ақау салдарынан Қарағанды-Омск бағытындағы Neoplan маркалы жолаушылар автобусы сынып қалған. Салонда 12 адам болған, оның төртеуі РФ азаматы. ТЖД, ЖАО күшімен 11 жолаушы Ленинский ауылының жол шетіндегі «Сытый Спутник» кафесіне жеткізілген. Оларда да медициналық көмекке қажеттілік жоқ», – деді Нұрахметов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana