USD
USD
USD

Ресей Қазақстанға жалға алған жерін қайтарды

Ресей Қазақстаннан жалға алған Атырау облысындағы жердің негізгі бөлігі алдағы уақытта мемлекет қорына қайтарылады.Тиісті заң күшіне енді. Жергілікті тұрғындардың ауылшаруашылық алқаптарын қайтадан пайдалануына қатысты ережелерді нақтылау жұмыстары ғана қалып отыр.

Ресей Қазақстанға жалға алған жерін қайтарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысының Қызылқоға ауданында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі 25 жылға 750 мың гектарға жуық жерді жалға алған. Онда жиырмадан астам жарылыстар жасалған, алайда полигон көптен бері пайдаланылмаған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигоны жерлерінің бір бөлігін қайта бөлуге қатысты пікір білдірді.

Депутаттардың сауалына сәйкес, онда жер асты суларының үлкен қоры орналасқан. «2016 жылғы 22 ақпанда сынақ алаңдарын пайдалану және жалға беру туралы келісім ратификацияланды. Келісімге сәйкес, бұған дейін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі жалға алған Тайсойған мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының (ГЛИТС) №929 солтүстік бөлігі Қазақстанның құзырына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилердің жалға алған 749,6 мың гектар жері болды», - деді Роман Скляр. Нәтижесінде, 624,6 мың гектар жер (83,3%) қайтарылған.

Атырау облысындағы Тайсойған әскери полигонының жерлері Қазақстанға қайтарылғаннан кейін екі жыл бойы топырақ пен суда зиянды заттардың бар-жоғын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша қайтарылған 624,6 мың гектар жер экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығына жарамды екені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу