«Ресей Қазақстанды «ЕКІНШІ УКРАИНАҒА» айналдыруы мүмкін бе?» Ресей СІМ-і жауап берді

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы дипломатиялық мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан түскен сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде Қазақстанға қатысты сауал да бар.
Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысқа қатысты сұрақ мынадай: «Қазақстандағы жағдайды Ресейдің Сыртқы істер министрлігі қаншалықты мұқият қадағалап отыр? Болашақта оны «екінші Украина» жасамай ма?»
Фото: ғаламтордан
РФ Сыртқы істер министрлігі бүй деп жауап берді: «Ең алдымен Ресей мен Қазақстанның ұзақ жылдар бойы достық пен сенім байланыстырған тату көрші екенін ескеруіміз керек. Қазіргі қарым-қатынасымыз стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейінде екені бекер емес. Сондықтан да ресейлік және қазақстандық билік ортақ мәселелерді шешу үшін тығыз байланыста жұмыс істейді.
«Ұлттық картаны» ішкі саясатта пайдаланудың қауіпті екенін, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін қазақстандық биліктің түрлі дейгейі түсініп отырғанын біз анық көріп отырмыз.
Қарсыластардың түрлі жымысқы әрекеттеріне қарамастан, Ресей-Қазақстан одақтастағы одан әрі дами береді. Әріптестермен көпжоспарлы екіжақты қарым-қатынасымызды бекіте түсу үшін жұмыс жалғасып жатыр. Өздерін «дамыған батыс өркениеті өкілі» санайтындардан айырмашылығымыз – біз БҰҰ жарғысына сәйкес және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормаларына сәйкес, республиканың ішкі ісіне араласпаймыз».
В.Путин мен Қ.Тоқаев. Фото: ғаламтордан
Ресей Сыртқы істер министрлігінің «жұмсақ» жауабына сенуге бола ма? Украина Ресеймен дамылсыз қырқысып келе жатқан жоқ. Бейбіт заманда орыс пен украин арасындағы туыстық, достық туралы да талай мәрте айтылған...