USD
USD
USD

Ресей Қазақстан полигонындағы нысанаға құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырды

Ресей Қазақстандағы Сары-Шаған полигонындағы нысанаға құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырды.

Ресей Қазақстан полигонындағы нысанаға құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәуірдің 12-не қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағы туралы хабарлама таратты.

Стратегиялық зымыран күштері 11 сәуірде Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонында баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізді.

"Ұшыру мақсаты құрлықаралық баллистикалық зымырандардың озық жауынгерлік техникасын сынақтан өткізу болды. Зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстан Республикасындағы Сары-Шаған полигонындағы шартты нысанаға дәл тиді. Әскерилер өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап шықты", - деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі. 

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков америкалық тараптың Капустин Ярдан баллистикалық зымыран ұшырылатыны туралы ақпараттан хабардар болғанын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе