USD
USD
USD

Ресей Қазақстан азаматтарын елден қуып шығармақ

Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес

Ресей Қазақстан азаматтарын елден қуып шығармақ
Фото: NEGE.kz

, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. «Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды»,– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Егер Қазақстан азаматтары Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса оларға шара қолданылмақ.

«Қазақстан азаматтары Ресейден өз еркімен кеткісі келмесе, елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін»,– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси