USD
USD
USD

Ресей: Қарабақта бейбіт режим бұзылды

Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар аяқталған және өңірде РФ бітімгерлік операциясы басталған сәттен бері алғаш рет оқ атпау режимі бұзылды. Бұл туралы сенбі күні жарияланған РФ Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресей: Қарабақта бейбіт режим бұзылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Ресейдің бітімгерлік күштерінің контингенті Таулы Қарабақта жұмысын жалғастыруда. 23 бақылау постарында күні-түні жағдайды бақылау, соның ішінде оқ атпау режимі бұзылмауын қадағалау жүргізілуде. 11 желтоқсанда Гадрут ауданында тыныштық режимін бұзудың бір дерегі тіркелді» делінген бюллетенде. 9 қарашада РФ Президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта атысты толықтай тоқтату жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойған еді. Ресей басшысының айтуынша, әзербайжан және армян тарапы сол сәтте иелік етіп отырған жерінде қалады, ал осы өңірге Ресейдің бітімгерлік күші орналасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy