USD
USD
USD

Ресей десантшылары Днепр өзенінен өтпек болған Украин әскерлеріне шабуыл жасады

Ресейлік десантшылар Херсон облысында Днепр өзенінің оң жағалауында Украинаның қарулы күштерінің жеке құрамын жойып жіберді, деп хабарлады РИА Новости

Ресей десантшылары Днепр өзенінен өтпек болған Украин әскерлеріне шабуыл жасады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, десантшылардың ұшқышсыз барлау аппараттары Днепрдың оң жағалауында украиндық әскерилердің жүзу құралдарын анықтады. Оған жеке құрам отырып жатқан. Барлығы өзеннің сол жағалауына өтіп кетпекші болды.

"Анықталған нысаналарды жою үшін әуе-десанттық әскерге қарасты құраманың басшылығы "Ланцет" атты барраждау оқ-дәрісін қолдануға шешім қабылдады. Операторлар барлық нысананы жойды. Соның ішінде бірнеше моторлы қайық, жүк көлігі, сондай-ақ, жеке құрамның біраз бөлігі мен басқа да құралдар бар", - делінген ресми хабарламада.

Операторлар ұшқышсыз аппараттарды қашықтан өздері басқарып отырды. Бұдан бөлек, ресейлік әскердің "Батыс" тобы Купянск бағытында бірнеше нысананы жойды. Оларға авиация мен артиллерия да көмектесті. Украина қарулы күштерінің шығыны бір ротадан асты. Дәл осы бағытта жасырылған бекініс пункті де жойылды.

"Батыс" әскери тобының барлаушылары ұшқышсыз аппараттардың көмегімен жаудың бекіністерін анықтады. Координаттар бірден танкілерге қарсы "Рапира" зеңбірегінің 100-ші есебіне жіберілді. Зеңбірекшілер дүркіндетіп оқ атты. Соның нәтижесінде жасырылған бекініс пункті жойылды", - дейді топтың баспасөз қызметі бастығы Сергей Зыбинский.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар