USD
USD
USD

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығарылды

 БҰҰ Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Украинадағы ахуалға байланысты өткен арнайы сессия барысында Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл резолюцияны қолдап 93 мемлекет дауыс берсе, 24 делегация қарсы шыққан, 58-і қалыс қалды. Құжатты қабылдау үшін дауыс беруге қатысушылардың үштен екісі қолдауы қажет әрі қалыс қалғандар есепке алынбайды. Осылайша, барлығы 117 делегация жақтап немесе қарсы дауыс берді. Шешімді қолдаған 93 дауыс барлық мандаттың үштен екісінен асатын болғандықтан, резолюция қабылданды. Айта кетейік, Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Одан әрі Ресей Федерациясы мүшелікке қайтадан өтініш бере алады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру