USD
USD
USD

Ресей БҰҰ Украинаның 4 аймағында референдум өткізгенін айыптайтын қарарға вето қойды

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Украинаның 4 аймағында референдум өткізгенін айыптайтын қарарға вето қойып, қабылдатпай тастады.

Ресей БҰҰ Украинаның 4 аймағында референдум өткізгенін айыптайтын қарарға вето қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатты АҚШ пен Албания елі бірлесіп дайындаған. Қытай, Габон, Үндістан және Бразилия қалыс қалды. Қарарда әлем елдерін Украинаның жаулап алған аймақтарында өткізілген референдумды мойындамауға шақырған. Ресейден Украинадан әскерін дереу шығару, талап етілген болатын.

Линда Томас-Гринфилд, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Кеше Бас хатшы БҰҰ жарғысына қатысты былай деген еді. Кез келген мемлекет пен оның аумағын қорқытып, күшпен өзіне қосып алу БҰҰ жарғысының принциптері мен халықаралық құқыққа қайшы. Қазір біз дәл осындай заңбұзушылықпен бетпе-бет кездесіп отырмыз. АҚШ Албаниямен бірлесіп Украина аймақтарында өткізілген заңсыз референдумдарды айыптау туралы қарар ұсынып отыр. Құжат барлық елдерді Украианның аумағын өзгертуді мойындамауға шақырады. 

Қазір оқып жатыр

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов