Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей боксшылары Олимпиада ойындарынан бас тартуда

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев ресейдің бокс құрамасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына мемлекеттік туды желбіретіп бармаса, қатыспайтындықтарын мәлімдеді.

Ресей боксшылары Олимпиада ойындарынан бас тартуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір біз халықаралық жарыстарға мемлекеттік туды ұстап шығу үшін сот арқылы қол жеткізуге тырысып жатырмыз. Ресей олимпиада комитеті мен Допингке қарсы агенттігінің осы іске қатысты қадамын күтеміз, олардан нәтиже болмаса, өзіміз де халықаралық ұйымдарға жүгінеміз. Біз үшін Ресей туының астында өз әнұранымызды шырқату маңызды. Болмаса, жарыстарға қатысқаннан не пайда?!» дейді, федерация басшысы.

Бұған дейін Ресей мемлекеті бокстан 2020 жылы Әлем кубогын, 2021 жылы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш білдіріп қойған болатын. Кешегі WADA-ның салған санкциясы бойынша, енді Ресей 4 жылға дейін тек халықаралық жарыстардан шеттетіліп қана қоймайды, осы мерзім ішінде ешқандай жарыс өткізуге, ірі жарыстар өткізу үшін өтініш беруге қақысы жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев