23 Мамыр 11:25
...

Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған

Фото:

Ресей банктерінің Қазақстандағы еншілес ұйымдарында 9,2 млрд теңге болатын қаржы бұғатталған. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығыны реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер – «Сбербанк» АҚ еншілес банкінінің, «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкінің және «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ еншілес ұйымының шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары бұғатталған. Аталған банктердің мәліметінше, салдарынан жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңге («Сбербанк» АҚ ЕБ бойынша – 2,7 млрд теңге, «Альфа-Банк» АҚ ,ЕБ бойынша – 6,2 млрд теңге, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ бойынша – 0,3 млрд теңге) болатын қалдықтарға шектеу қойылған. Бұдан басқа «Сбербанк» АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 2,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдерді бұғатталған. «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 3,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдары бұғатталды. Қазіргі таңда банктің жаңа акционері «Банк ЦентрКредит» АҚ банкті АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялық тізімінен шығару жұмыстарын жүргізуде» деп жазылған жауапта.

Агенттік басшысының дерегі бойынша, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ еншілес ұйымының клиенттерінің төлем және аударым операциялары шеңберінде қаражаттарды оқшаулау немесе бұғаттау фактілері жоқ.

Сондай-ақ, ол аталған еншілес банктердің басындағы проблеманың салдарынан шығын көрдім деп есептейтін қазақстандықтар сотқа жүгіне алатынын айтады. «Сбербанк» АҚ еншілес банкі және «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі қаражатын бұғаттау және олардың клиенттерінің қаражатын оқшаулауға байланысты қалыптасқан жағдай сыртқы геосаяси тәуекелдерге байланысты.

Осы орайда клиенттер екі банкке қатысты шығындарын өтеп алу үшін азаматтық талап арыз берген жағдайда банктер сот органдарының шешімдеріне сәйкес бұл талапты қанағаттандырады», - деп жазады Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін аталған агенттік басшысы БАҚ өкілдеріне 3 ресейлік банкке қатысты 3 млрд теңге бұғатталды деген ақпарат берген болатын.

Тегтер: