USD
USD
USD

Ресей «Байқоңырды» жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін ұзартты

Ресей «Байқоңыр» кешенін әлі 29 жыл пайдаланады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей «Байқоңырды» жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін ұзартты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның айтуынша, кешеннің Ресейге жалға берілгеніне 20 жылдан асқан.

«1994 жылы жалға беру туралы шешім қабылданды. Бұл уақытта Қазақстанның экономикалық жағдайы ауыр болды. Еліміздің ғарыш айлағын күтіп-ұстауға және пайдалануға мүмкіндігі болған жоқ. Жалға беру шартына сәйкес Ресей Байқоңыр қаласын және ғарыш айлағын пайдалану құқығымен оны күтіп-ұстау жөнінде және ғарыш бағдарламаларын жүзеге асыруға міндеттеме алды», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Бастапқы жалға беру шартына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағы Ресейге 20 жылға берілді, әрі жалға беру мерзімін 10 жылға ұзарту мүмкіндігі жасалды. Алайда отырыста депутаттар «1994 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. «Байқоңыр» кешенін жалға алған 27 жыл ішінде Ресей Қазақстан бюджетіне 3 млрд-тан аса доллар немесе жыл сайын 115 млн-ға жуық доллар төлеген.

«Тараптар мүддесін ескере отырып, 2004 жылы кешенді жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды», - деп түйіндеді сөзін Бағдат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова