USD
USD
USD

Ресей азаматы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып жүрген

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 6 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік анықталды.

Ресей азаматы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде Шемонаиха ауылы тұрғынының Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам 2005 жылы РФ Алтай аймағында сол елдің азаматтығын қабылдаған.

Алайда сол туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламады. Осылайша ол Ресей азаматы бола отырып, 6 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақы жасына жеткеннен кейін ай сайын зейнетақы алып келген.

«Оған ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттары тәркіленген ер адам ел азаматтығынан айырылды», – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе