USD
USD
USD

Ресей азаматы 17 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келген

Семей қаласында 17 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ресей азаматы 17 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келген
Фото: NEGE.kz

ШҚО. NEGE. Көші-қон қызметінің мамандары қос азаматтығы бар әйелді Семейде ұшақ билетін сатып алған кезде анықтаған.

«Белгілі болғандай, ол Қазақстан азаматы бола тұра 2001 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты тапсырмай, зейнет жасына жеткен соң 17 жыл бойы қазақстандық зейнетақыны алып келген», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта 76 жастағы әйел адам ҚР азаматтығынан айырылып, тиісті құжаттар тәркіленді.

Оған ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына сәйкес 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Осы ретте, көші-қон қызметі өңір жұртшылығына басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуды уақтылы тіркеу қажет екендігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің көбі өз орнында қалды

үкімет