Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

РФ азаматы 14 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған.

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген.

«Бұл тұлға Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы РФ-на барып, сол мемлекеттің азаматтығын алды және екі мемлекет аумағында зейнетақы алып отырған. Бұл ретте ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына РФ азаматтығы бар екендігін әдейі жасырып, ҚР-да зейнетақы төлемдерін алуға құжаттар тапсырған.

Осылайша, 2006 жылдан бастап 14 жыл бойы айыпталушы ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған және мемлекетке 9,2 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірген», – делінген комитеттің хабарламасында.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс