USD
USD
USD

Ресей әскерін "террорист" етіп көрсеткен

Әлемге кеңінен тараған атыспақ жанрындағы «Call of Duty: Modern Warfare» компьютерлік
ойыны жаңа сериямен толықты. Барлық жастағы ойынпаздарды баурап алған бұл ойынның
жаңа нұсқасында орыс әскері бейбіт тұрғындарды өлтіруші һәм әйелдер мен сәбилерді
жазалаушы ретінде көрсетіледі. Бұған Кремль басшылығы өзінің наразылығын танытып отыр.

Ресей әскерін "террорист" етіп көрсеткен
Фото: NEGE.kz

Суретте: Донецк аэропортына ұқсайтын ғимарат

Ойын кезінде отқа оранған Донбас-арена мен күл-талқаны шыққан Донецк аэропортын байқауға
болады. Бас кейіпкерлердің бірі - ойдан шығарылған Әл-Катали террористік ұйымын орыстың дала
командирі (ол да ойдан құрастырылған) Барковтың әскери тобымен салыстырып, олардың көзін
жою керектігін айтады. Ал, Call of Duty-дің ағылшын тіліндегі нұсқасында Әл-Катали тобын тікелей
«лаңкестер» деп мәлімдеп, басты кейіпкер «Маған Әл-Катали мен орыс әскерінің айырмасы жоқ,
олардың бәрі – террористер!» деп бір-ақ қайырады.

Суретте: Террористердің ұшқыштары Ресей әскерінің формасында

Қиян-кескі соғыс пен түрлі әскери операция негізінде құрылған ойын барысында киберойыншы
Урзикстан деп аталатын мемлекетті жаулап алуға келген Ресей әскерімен соғысып, оларды
күйрете жеңуі керек. Ойдан шығарылған Урзикстан мемлекетінің табиғи ландштафы, жер бедері,
климаты тұп-тура Шам елін көз алдыңа келтірсе, лаңкестердің ұшқыштары мен жауынгерлері
Ресей әскерінің киімімен бейнеленген.

Суретте: Донбас-аренаның өмірдегі және ойындағы көрінісі

Бүгінде Call of Duty-дің бұл сериясы бүкіл әлемге кеңінен тарап, 600 миллионнан аса данасы
сатылып кеткен. Ресейлік БАҚ-та «бұл ойынға ресейлік ойыншылар наразылық танытып жатыр»
деп жазып жатқанымен, көптеген орыс геймерлері ондай ақпаратты жоққа шығаруда. Алайда,
Урзикстан, Вердянск деген сияқты ойдан шығарылған қалаларда жүргізілетін әскери операциялар
кезінде қанішер террорист ретінде көрсетілетін қарсыластардың киімі Донецк мен Шам жерінде
жүрген ресейлік әскерилердің киімімен сәйкес келетіндігін, ал, көптеген ғимараттар мен
стратегиялық құрлыс нысандарының Шам, Донецк жеріндегі ғимараттардан айнымайтынын
жасырмайды.

Қанат ЕСКЕНДІР

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы