USD
USD
USD

Ресей әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ҰҚШҰ отырысын өткізеді

Жиын онлайн форматта ұйымдастырылады. 14 сәуірде Ресей тарапы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) отырысын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ҰҚШҰ отырысын өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жиында әскери ынтымастықты дамыту мәселелері талқыланады. 

"14 сәуірде бейнеконференция режимінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөніндегі әскери комитетінің отырысы болады. Отырыс әскери комитет төрағасы, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы Валерий Герасимовтың басшылығымен өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының басшылары, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров және ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайрулоев қатысады.

Онлайн басқосуда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздіктің мәселелері мен оған төнетін қауіп-қатерлер, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері авиациясының және халықаралық ұшуларды ұйымдастыруды жетілдіруге қатысты мәселелер, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесе даярлау іс-шараларын талқыланады. 

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан