USD
USD
USD

«Ресей әскері әйелдерді отбасының көзінше зорлап жатыр» – Ұлыбританияның Украинадағы елшісі

Ұлыбританияның Украинадағы елшісі Мелинда Симмонс Ресей әскері басып алған аймақта украин әйелдерінің зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқанына қатысты пікір білдірді

«Ресей әскері әйелдерді отбасының көзінше зорлап жатыр» – Ұлыбританияның Украинадағы елшісі
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлады turkystan.kz.

Аcтана, NEGE.  «Әзірге Украинадағы мұндай зорлық-зомбылықтың ауқымы қандай екенін нақты білмейміз, бірақ әйел зорлауды Ресей әскері құралға айналдырғаны анық. Әйелді балаларының көзінше, қызды отбасының алдында зорлап, қорлау – асқан жауыздықтың белгісі. Олар сөйтіп халықты құлға айналдырғысы келеді», – деді дипломат.

Сондай-ақ халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Харьков облысында 13 наурыз күні отбасымен тығылып отырған әйелдің зорланғаны туралы мәлімдеме жасады. Әйелдің сөзіне қарағанда, оны зорлаған сарбаз ұрып-соғып, беті мен мойнын пышақпен тілген.

Құқық қорғау ұйымы бейбіт адамдарға жасалған зорлық-зомбылықтың басқа екі фактісін хабарлады. Әйелдің зорланғанын Amnesty International Украина директоры Оксана Покальчук те растады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян