Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Ресей – саудадағы ең маңызды серіктесіміз» – Ауыл шаруашылығы министрі

Ресейдің Украинаға қатысты жүргізіп отырған саясатына наразылық ретінде оған бірнеше мемлекет санкция жариялады. Соған қарамастан оны экономика және сауда-саттық қарым-қатынастарында қолдап келе жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар.

«Ресей – саудадағы ең маңызды серіктесіміз» – Ауыл шаруашылығы министрі
Фото: NEGE.kz

ОҚК өткен баспасөз мәслихатында NEGE тілшісі Ауыл шаруашылығы министрінен соңғы оқиғаларға байланысты көрші мемлекеттен келетін өнім үлесі қаншалықты азайғанын сұрады. Министрдің айтуынша, керісінше, Ресейдің биылғы экспорт көлемі былтырға қарағанда арта түскен.

– Қазіргі геополитикалық жағдай бойынша Ресей Федерациясының азық-түлік тауарлары бізге де келіп жатыр. Соңғы 7 ай ішінде олар бізге 1,6 млрд долларға өнім экспорттады. Бұл былтырға қарағанда 9 пайызға артық. Негізі, Ресей – дәстүрлі түрде сауда айналымындағы ең маңызды серіктесіміз. Біз де оларға 600 млн доллардай өнімді экспорттаймыз,– деп мәлімдеді министр Ербол Қарашөкеев.

Ал тілшінің «сол өнімдердің сұранысын өңірлік өнеркәсіптер арқылы реттеуге» қатысты сауалына жауап берілмеді.

Министр көрсеткен мәлімет бойынша, елімізге Ресейден келетін азық-түлік өнімдерінен бөлек, өзге де тауарлардың үлесі аз емес. Айталық, осы жылы солтүстік көршімізден бізге әлеуметтік маңызы бар тауарлардан 265,7 млн доллар көлемінде импорт келген. Ал Қазақстаннан шығатын экспорт көлемі одан екі еседен төмен. Яғни, соңғы 7 айдың ішінде Ресейге 111,7 млн долларға әлеуметтік тауар экспортталған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА