USD
USD
USD

Ресей 400 мың тоннаға жуық астық ұрлады – Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі

Ресей Украина мен әлемде азық-түлік дағдарысын қолдан жасауды көздеп отыр. Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сергей Кислица осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей 400 мың тоннаға жуық астық ұрлады – Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ол бұл туралы Украинаның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жариялады. Айтуынша, осы күнге дейін Ресей Запорожье, Херсон, Донецк және Луганск облыстарының уақытша басып алынған аудандарынан 400 мың тоннаға жуық астық ұрлаған. Бұл осы аймақтардағы қордың үштен бірін құрайды.

"Негізі, ұрланған астық келесі егін науқанында пайдаланылуы тиіс еді. Енді аштық қаупі төніп тұр", – деді ол.

Сонымен қатар Кислица Ресейдің астық элеваторларына, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына және тыңайтқыш қоймаларына шабуылдап, ауыл шаруашылығы көліктерін ұрлап жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, астық қоймаларын тонау, Украина порттарынан бағытталған жеткізілімдерді бұғаттау жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян