USD
USD
USD

Ұятсыз сөзі бар әнді айтқан әншілер жазаға тартылады

Мәдениет саласына арналған жаңа заң жобасында әншілерді дөрекі мінез көрсеткені үшін жазаға тарту қарастырылған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

Ұятсыз сөзі бар әнді айтқан әншілер жазаға тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, бүгінде концерттік ойын-сауық шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар.

"Орындаушылардың концерт өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық таныту, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу жағдайлары бар. Сондай-ақ, жоспарланған концерттік бағдарламаны орындамау, әдепсіз сөздер бар репертуар таңдау, көрерменді хабардар етпей, фонограмма пайдалану сияқты фактілер кездеседі. Заң жобасы аясында заңнамалық деңгейде орындаушылардың осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттеме енгізу арқылы осы мәселелерді барынша реттеуге тырыстық", - деді Райымқұлова.

Оның сөзіне қарағанда, концерт ұйымдастырушы мен орындаушы арасында рәсімделетін келісімшартта барлық міндеттеме жазылады. Атап айтқанда, адамгершілік және мораль нормаларына қайшы контентті пайдаланбау, әншілердің сахнадағы көрерменмен қарым-қатынасы, әдепсіз мінез көрсетпеу және тағы басқа мәселелер көрсетіледі. Егер осы нормалар бұзылса, әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылады.

"Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бар. Осы кодекстің нормаларына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық болса, тиісті жауапкершілік қарастырылады. Бас кезінде біз мониторинг жасап көреміз. Егер осы нормаларды бұзу көп болып жатса, тағы да Әкімшілік кодекске жауапкершілікті енгіземіз", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетсек, Парламент мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасы бірауыздан мақұлданды. Енді, оны сенаторлар қарастырады. Осыдан кейін заң жобасы президенттің қол қоюына жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев