USD
USD
USD

Рэпер Qarakesek есірткі құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады

Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. 

Qarakesek
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік іспен қатар қылмыстық істі де қозғаған. Қыркүйек айының басында мас күйінде «Kia Rio» көлігін жүргізген рэп орындаушысы енді Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Qarakesek ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер іс сотқа жетіп, оның кінәсі дәлелденсе 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына тартылады. Қылмыстық іс бойынша 40 тәулікке қамаққа алынуы да мүмкін.

Бұған дейін Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды. Ол әкімшілік іс бойынша 15 тәулік қамақта отырды.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров