4 Қазан 08:36
...

Рэпер P. Diddy төрт жыл екі айға сотталды

P Diddy
Фото: ғаламтордан

Нью-Йорктегі сот рэпер Шон «Дидди» Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдағаны үшін 50 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BBC.

Алматы, NEGE. Бұған дейін алқабилер соты Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдаудың екі эпизоды бойынша кінәлі деп таныған (әр эпизод үшін ең жоғары жаза — 10 жыл бас бостандығынан айыру).

Осылайша, алқабилер рэкет және жыныстық қанау мақсатында зорлық-зомбылықтың екі эпизоды бойынша рэперді ақтады.

Айыптаушы тарап Комбсты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Хип-хоп магнат 2024 жылдың қыркүйегінде Манхэттендегі қонақүйде қамауға алынды.

2025 жылдың 14 қазанында америкалық рэпер мен продюсерге қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалауға қатысты айыптайтын жаңа сот істері қозғалды. Барлығы алты сотқа екі әйел мен төрт ер адам қатысты. Олар 1995 және 2021 жылдар аралығында болған оқиғаларды сипаттайды.

Шон Комбс соңғы үш онжылдықтағы ең ықпалды хип-хоп продюсері мен жетекшілерінің бірі болды. Ол Мэри Джей Блайдж, Ашера, Лил Ким, Фейт Эванс и 112 сияқты көптеген үздік әртістермен жұмыс істеді.