USD
USD
USD

«Renzo» тобының мүшелері отбасын құруға дайын

Бүгінде Алуа Қонарова қолға алған жобасы сәтті шыққан танымал продюсерлердің қатарында. Қазақ эстрдасында жүрген «Ringo»,

«Renzo» тобының мүшелері отбасын құруға дайын
Фото: NEGE.kz

«Renzo» тобы продюсердің қарамағында.  

Белгілі продюсердің қол астындағы «Renzo»  тобы бүгінге дейін жеке өмірі жайлы айтқан емес. «Шығармашылығымызды шыңдау - басты мақсатымыз» деген жігіттер қазіргі таңда үйленудің қамын ойлап жүр. Ержан, Асқар, Есеттің басы бос емес. Ал топ кенжесі Дәулет болашақ жарын әлі кездестірмеген. Себебі, өнерпаздың кенжесі үшін отбасын құру - үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Дәулет, «Renzo»  тобының мүшесі: Мен болашақ жарымды кездестірген жоқпын. Негізі жар таңдауда мұқият болған жөн. Белгілі бір ортада болмаса үйде әке-шешемізбен сөйлесіп отырған кезде барлығы ең бірінші жардан қателеспеу керек дейді. Мамандықта, дос та уақытша дүние. Өйткені барлығы өз уақытысымен кете береді. Сені түсіне білетін жан қасында жүрсе қандай жақсы.

Бойзбенд солистерінің отау құру ойында бар. Алайда, Қонарованың келісімшартта бекіткен талабы қатаң. Продюсермен топ мүшелерінің арасындағы ресми құжаттың жарамдылығы 1 жарым жылдан соң өз күшін жоймақ. Бірақ, тойдың болар күні алыс емес. Себебі, «Ringo» тобының мүшелері де шаңырақ көтеріп, өнер көрсетіп жүр.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.