USD
USD
USD

Рейд: карантин талаптарын сақтамаған бірнеше нысан анықталды

 Елорданың тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері елордадағы ойын-сауық мекемелеріне сағат кешкі 20:00-ден кейін бірлескен рейд жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады. 

Рейд: карантин талаптарын сақтамаған бірнеше нысан анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеріс қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарына мән бермей, жұмысты жалғастырып жүргенін анықтады. Мысалы, Сауран көшесінде орналасқан дәмхананы тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл жерге келушілер кальян шегіп отырған.

Ол үшін дәмхана әкімшісі, сондай-ақ үш келуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 441-бабы (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдары және электронды темекі шегу тыйымын бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Қаланың Қабанбай батыр көшесінде орналасқан компьютер клубы да салған тыйымды елемей, қызметін жалғастырған. Оған қоса, мұнда келушілер маска режимін сақтамағаны анықталды. Карантинді бұзудың барлық фактілері бойынша материалдар Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана