20 Маусым 16:51

Шырайлы Шымкент жұрты қала күнін атап өтуде

Фото:

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қала күні қарсаңында шаһардың дамуына атсалысқан бір топ азаматты ұлықтады.

Шымкент, NEGE. “Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи Жарлығына сәйкес, 2018 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болып қайта құрылды. Одан бері тұп-тура 3 жыл уақыт өтті. Содан бергі қаланың тыныс-тіршілігі жайында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Фейсбуктегі парақшасында былай деді. 

"Қала күні – өткенді саралап, бүгінді бағалап, ертеңге болжам жасайтын мерейлі мереке.

Соңғы 3 жылдың көрсеткіштеріне зер салсақ, бұл көреген шешім қаланың екінші тынысын ашты деп айтуға әбден болады.

Біріншіден, қала бюджеті 3,6 есеге өсіп, 131,2 млрд теңгеден биыл 481 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, жергілікті салық базасы үш есеге өсіп, 57 млрд теңгеден 150 млрд теңгеге жетті.

Екіншіден, кәсіпкерлердің сенімі артып, инвестиция өсе бастады. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда екі есеге жуық өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді. Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты.

Сәйкесінше, осыдан 3 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 411 млрд теңге болса, жыл соңында 710 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланды.

Үшіншіден, инфрақұрылым мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік туды. Мәселен, биылғы жылды қоса алғанда соңғы 3 жыл ішінде қалада 850 шақырымнан астам жол төселді. Облыс құрамында болған кезде мұнша жол 10 жылда салынған болатын. Одан бөлек, үш жыл ішінде, 60 мың адамның қолы сапалы ауыз суға, 30 мыңға жуық адамның қолы табиғи газға жетті. 2025 жылға дейін қаладағы негізгі инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешіледі.

Төртіншіден, түрғын үй құрылысы қарқын алды. 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын берілсе, биыл бір миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

​Бұл жетістіктер қала дамуының бір бөлігі ғана. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарасаңында осындай жетістіктердің берік іргетасын қалаған, Шым-қаламызға үнемі қамқорлық көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкент қаласының дамуындағы тарихи рөлін атап өтуге тиіспіз", - деді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші мегаполистің қарқынды дамуына қатысты нақты тапсырмалар беріп, биік межелер мен маңызды міндеттерді белгілеп берді. Шымкентті халыққа қолайлы қала ету түсу бағытындағы осынау жасампаз жұмысқа баршаңызды атсалысуға шақырамын.

Шымкент қаласы бағындырған әрбір белесте көптеген ұрпақтың ізі жатыр. Әрбір ұрпақ көш-керуенді өзінің жастық жалыны мен қажыр-қайраты жеткен жерге дейін жетелеп апарып, келер ұрпақтың қолына табыс етеді.

Осы арада, қаламыздың дамуына уақытын да, қуатын да аямаған, сүйікті шаһарымызды аялаған бірнеше ұрпақтың өкілі отыр.

Қала күніне арналған салтанатты жиында дәстүр бойынша біз қаламыздың өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген азаматтарға Құрметті азамат белгісін табыс етіп, қала акивінің алдында сән-салтанатымен ұлықтағалы отырмыз”, – деді қала әкімі.

Тегтер: