2 Маусым 13:35
...

Шымкентте мемлекеттік грант алған 600 азамат өз кәсібін ашты

Фото:

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі сәтті жүзеге асырылып келеді.Бұл кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.

Шымкент, NEGE. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес идеясын жүзеге асырып, жаңадан кәсіп ашқандардың бірі – Жанна Беркімбаева.

Ол былтырғы жылдың қыркүйек айында «косметология» бағыты бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде жобасы мақұлданып, 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді.

- Былтыр «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатыстым. Қолыма сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа құжат тапсырдым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз ісімізді бастадық. Қазіргі таңда косметология кабинетінде бет тазарту, қасты түзету, бояу және т.б. бағыттар бойынша қызметтер көрсетемін-дейді кәсіпкер.

Жалпы, Шымкентте былтыр 4828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122 -аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195 өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

Тегтер: