16 Маусым 17:59

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

Фото:

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Шымкент, NEGE.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов спорттық іс-шараның ашылуына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Алина Әділханованы құттықтады.

Алина Әділханова лицензиялық Азия чемпионатында шеберлігімен көзге түскен болатын. Алина – көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. Ол лицензиялық құрлық чемпионатында көпсайыс бойынша жеңімпаз атанды.

Әділханованың жеке жаттықтырушысы – көркем гимнастикадан Шымкент қаласының № 9 спорт мектебінің директоры, көркем гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупова.

Шымкентте бастау алған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар бақ сынайды.

Тегтер: