USD
USD
USD

Шымкентте 80 мың тонна өнім жиналды

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 29,3 мың га жерге егілді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық.

Шымкентте 80 мың тонна өнім жиналды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Егін жинау жұмыстарына 791 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды, 7 жаңа трактор сатып алынды. Оның ішінде 3 дана шетелден және 4 дана отандық трактор алынды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасымен 2 техника субсидияланды.

Пандемияға қарамастан диқандардың орасан еңбегінің нәтижесінде Шымкентте сегіз айда 80 мың тонна өнім жиналды, оның ішінде дәнді дақылдар - 14,4 мың тонна, майлы дақылдар – 3 мың тонна, көкөніс, бақша - 42,7 мың тонна, картоп - 3,1 мың тонна, мал азықтық дақылдар - 16,8 мың тонна. Бұл жоспардың 93,7 пайызы орындалғанын көрсетеді. Барлық астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді.

Жиналған өнімнің көлемі 28,5 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 29,3 мың гектар егіс алқабынан жалпы 85,4 мың тонна өнім жиналса, жалпы өнім көлемі 37 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері

Сүндет кей жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғайды – уролог

Бала

«Бір сәтке уақыт тоқтап қалды»: Алматы тауларында туристер қар барысына кез болды

Барыс

Санжар Әділов Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде салды

Санжар Әділов