4 Қаңтар 20:26

Шымкент: Бас санитар жаңа қаулыға қол қойды

Фото:

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері карантин режимінің мерзімін ұзартатын қаулыға қол қойды. 

Алматы, NEGE. Қаулыда Шымкент қаласындағы карантин режимі және коронавирус инфекциясымен байланысты шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзаратыны айтылған.

Яғни қала тұрғындары мен қонақтарына:

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебесі болған жағдайда адамдардың жаппай жиналуымен байланысты туған күн, мерейтой, «құдалық», той, «беташар», мерекелік корпоратив сияқты шараларды өткізуге тыйым салынады;

- 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүріп-тұруы шектеледі;

- қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүру кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауадағы қоғамдық орындарда болған кезде бетперде кию, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Құжатта Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарына жұмыс және демалыс күндері сағат 03.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 05.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілеетіні айтылған.

Сондай-ақ, демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерінде «жасыл» мәртебе болған жағдайда нысандардың жұмысына рұқсат етіліп отыр.

Тегтер: