15 Мамыр 15:55

Олимпиадаға жолдама алғандарға әкімдік қолдау білдірді

Фото:

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Олимпиадаға жолдама жеңіп алған ағайынды Емельяновтарды қабылдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Алматы, NEGE. Ағайындылар байдарка мен каноэде есуден ел намысын қорғайтын болады. Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Олимпиада Ойындарына жолдама жеңіп алған ағайынды Емельяновтарды құттықтап, байрақты бәсекеде жеңіспен оралуларына тілектестігін білдірді. Жалпы ағалы-інілі Емельяновтардың бұл спорт түрін таңдауы кездейсоқтық емес. Себебі, отбасы аталмыш спорт түрімен айналысқан. Бір кездері олардың алғашқы ұстаздары – әкесі мен анасы болып, осы спорт түріне баулыған. Өйткені, олардың әкесі КСРО-ның каноэден спорт шебері, ал анасы байдаркадан спорт шебері болатын.

Ал бүгінде оларды ағалары Михаил Емельянов жаттықтарып жатыр. Қазіргі таңда Тимофей мен Сергей ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Сергей Емельянов - Азия ойындарының күміс жүлдегері, 3 дүркін Жастар арасындағы Әлем Чемпионатын жеңімпазы. Қазан Универсиадасында 500 және 1000 метр қашықтықта каноэде екі күміс жеңіп алды. Ал жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарыстар бойынша 5 дүркін әлем жеңімпазы. XVII және XVIII-жазғы Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері. 2013 жылғы Универсиаданың 2 дүркін күміс жүлдегері болса, 2017 жылғы Азияның 4 дүркін жеңімпазы атанды.

Ал 2021 жыл Азия Чемпионатында алтын медальге ие болды. Ал Тимофей Емельянов - Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жастар арасындағы Әлем Чемпионатында Сергеймен жұпта 200, 500 және 1000 метр қашықтықта 3 алтын жеңіп алды. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Тегтер: