26 Шілде 12:05

Қоныс тойына «Қазақтелеком» интернеті

Фото:

«Қазақтелеком» әлеуетті және базадағы клиенттермен жұмыс істеудің жаңа тетігін енгізді. Яғни, жаңадан қонысқа жайланғандарға пәтер кілтімен бірге бірден телекоммуникация қызметіне қосылуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағымды жаңалық таяуда алғаш рет Өскеменде Ілияс Есенберлин даңғылындағы тұрғын үй кешенін тапсыру кезінде жүзеге асты.

Бұл көп қабатты үйдің тұрғындары жарық, су, жылу секілді коммуналдық қызметтермен қатар FTTH технологиясын қолдану арқылы кең жолақты интернетке, цифрлық теледидар және IP-телефонияға қол жеткізді.

FTTH технологиясы – талшықты-оптикалық технология желісінің бір түрі. Бұл пәтерге сигналды жарық толқындары арқылы жеткізетін желінің арқасында іске асады.

Сонымен қатар, бір сым бір уақытта бірнеше байланыс қызметін алуға мүмкіндік береді. FTTH технологиясының негізгі ерекшелігі – деректерді алудың жоғары жылдамдығы – 500 Мбит /с дейін жетеді әрі сигнал жоғары сапада үздіксіз беріліп тұрады. Жаңа тұрғын үй кешенін телекоммуникация қызметіне қосу елдің ірі байланыс операторының жеке компаниялармен серіктестік моделінің арқасында қолданысқа енгізіле бастады.
«Серіктестік моделі бойынша келісім-шарт жасап, жұмыс істеп жатқанымызға көп болған жоқ. Дегенмен аз уақыт ішінде бұл модель жақсы нәтиже көрсетті. Жобаның серіктестері – тұрғын үйлерге интернет тарту, үй ішіне желі құрумен  айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, яғни жеке компаниялар.«Қазақтелеком» бұл үйлерді магистральды оптикалық желіге қосып, серіктестерімен бірге жаңа желіге қызмет етеді. Біз осы бағдарламаны кеңейте отырып, аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып келеміз», – дейді «Қазақтелеком» АҚ филиалы Шығыс Өңірлік телекоммуникация дирекциясының B2C сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.

FTTH технологиясы ұсынатын телекоммуникация қызметінің барлық түрін енді Есенберлин даңғылының бойында орналасқан 8 жаңа ғимараттың тұрғындары қолдана алады. Осы тұрғын үй кешенінің 250-ден астам тұрғыны қоныс тоймен қатар, телекоммуникация қызметіне қосылып, жоғары жылдамдықты интернеттің игілігін көріп жатыр.

«Біз пәтерге кірген кезде интернет пен теледидардың бірден қосылғанына қатты қуандық. Ultra пакетін таңдап, дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын. Себебі жылдамдық жоғары, балаларға мультфильмдер ұнайды, ал өзім қашықтан жұмысымды тып-тыныш жалғастырып отырмын. Деректерді беру жылдамдығы жақсы, кешке де жақсы жұмыс істеп тұр», –  дейді жаңа тұрғын үй иесі Дамира.

«Қазақтелекомның» филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Өскемендегі осы серіктестік жобасы аясында Қ.Сәтбаев даңғылының бойында орналасқан тағы бір тұрғын үй кешенін телекоммуникация желісіне қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» жергілікті желілерді құрудағы серіктестермен ынтымақтаса жұмыс істеу тәсілін тек көп қабатты үйлерге қызмет көрсету үшін ғана қолданып қоймайды. Қазіргі кезде компания «Ауылдағы цифрлық серіктес» пилоттық жобасын жүзеге асыруда, мұнда шағын жеке сервистік компаниялардың ынтымақтаса жұмыс істеуінің арқасында радиокөпір технологиясын қолдану арқылы желілер құрылысы жүргізіліп, ауылдағы әр үйге жоғары жылдамдықты интернеті тартылуда. Байланыс операторы бұл технологияны кәсіпкерлермен бірлесе отырып, елдің ірі қалаларының жеке секторында да қолданбақ.

Тегтер: