Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларды алу жеңілдей түсті

02 маусым, 14:40

Фото: ғаламтордан

Шымкентте жыл басынан бері кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің 131 мыңға жуығы таратылған.

Шымкент, NEGE. Атаулы әлеуметтік көмектің азық-түлік түрі тағайындалған отбасы балаларына жас ерекшеліктеріне сай сүт, жүгері, сұлы жармасы мен балалар ботқасы, тәтті күлше түрлері мен басқа да тағам өнімдері және тұрмыстық қажеттілік заттар салынған пакеттер берілуде.

Азық-түліктер АӘК аз қамтылған отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілу кезеңінде тікелей баланың жасына байланысты анықталады. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалада бүгінде 34 мыңнан астам балаға қажетті азық-түлік тұрақты түрде беріліп отыр.

Әлеуметтік пакеттер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады. Сауда үйі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тек қана @aspgramadbot телеграм боты арқылы хабарлайды. Бот арқылы азық-түлік беру бекеттерінің мекенжайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет. Азық-түлік сапасына арыз-шағым түскен жағдайда сауда үйі затты ауыстыруға кепілдік береді.

Азық-түліктер төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша таратылады:

1. Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket»

2. Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad Supermarket»

3. Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы

4. Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а «Шахан» сауда үйі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации