3 Тамыз 10:00

«Қазақтелекомның» интернеті ауданның тарихын түгендеуге көмектесті

Фото:

Қазақтелеком «250+» жобасы аясында 4G LTE технологиясын қолдана отырып, ауылдарға жоғары сапалы интернет тарту ісін жалғастырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық оператор Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы 6 ауылдың мәдениет үйі мен кітапханаларын заманауи телекоммуникация қызметіне қосып бітті.

Кең жолақты интернет мәдениет, кітапхана ісін цифрландырып, оларды қайта форматтауға жол ашып отыр. Мәселен, Шідерті ауылының кітапханашысы Валентина Герасименяның айтуынша,  интернеттің келуімен олар жастарға қызықты ақпарат беретін, мекеменің қызметі туралы түрлі жаңалықтармен, хабарландырулармен бөлісетін кітапханының әлеуметтік желілердегі парақшаларын ашқан. Онымен бірге, Валентина туған жері Осакаров ауданының 80 жылдығына арналған энциклопедияны құруға белсенді қатысты. Бұл ауданға 54 ауыл кіреді. Әр ауыл туралы ақпаратты дәл осы кітапханашылар жинақтап, бір жүйеге келтіріп шықты.

Шідерті ауылының кітапханашысы Валентина Герасименя

«Ауданның 80 жылдық мерейтойына жеке энциклопедия құрылып, біздің кітапхана оның басылуына белсенді қатысты», - дейді, Валентина Герасименя. Оның айтуынша, Шідертінің біраз тұрғыны шетелге қоныс аударып, кетіп қалған. Сондықтан Валентинаға әр түрлі топтар мен қауымдастықтар арқылы бұрынғы жерлестерін іздеп тауып, олармен байланыс орнатып, ауыл тарихы туралы тың деректерді тірнектеп жинауға тура келген.

«Осының бәрі интернет арқылы жасалды. Ауылда интернет болмағанда, мәліметтер жинай алмас едім. Қазір ауыл еңбеккерлері туралы энциклопедияның екінші томы дайындалуда»

Сарыөзек ауылының тұрғыны Аяшолпан Зулхайын да жылдам интернеттің басымдығын байқап үлгерді. Оның жергілікті мәдениет үйінде жұмыс істеп жүргеніне 18 жыл болды. Ол интернет кез келген бизнесте табысқа жетудің кілті деп санайды. Аяшолпан талантты жандардың өз ауылынан шықпай-ақ интернет арқылы бүкіл әлемге танымал болып жатқандығын өз көзімен көріп жүр.

«Мен тақырыптық бейне түсіруді және монтаждауды үйреніп алдым», - дейді, Аяшолпан. Қазір барлық концерттерді, әртістердің өнерін камераға түсіріп алып, кейін оларды әлеуметтік парақшаларына орналастырып жүрмін.

«Ғаламтордың жергілікті мәдениет қайраткерлеріне туған ауылында ғана емес, сырт жаққа да танымал болуына жаңа мүмкіндіктер беретіні ұнайды», - дейді, Аяшолпан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Қазақтелеком 828 ауылдық елді мекенге талшық-оптикалық байланыс желісін тарту бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны аяқтады. Желі ұзындығы 14,5 мың шақырымды құрады. Енді Қазақтелеком құрамына кіретін «Кселл» және «Теле2» ұялы байланыс операторлары ауылдарды кеңжолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін «250+» жобасын іске асыра бастады. Халық саны 250-ден асатын ауылдарда оптика арқылы базалық станциялар іске қосылмақ. Бұл жоба еліміздің 928 ауылын қамтиды.

«4G LTE технологиясы арқылы шалғайдағы ауылдарда сымсыз интернет пайда болды», - дейді «Қазақтелеком» АҚ филиалы Орталық ӨТД-нің бас директоры Қажымұрат Темірханов.

«Ол үшін «Қазақтелеком» ең оңтайлы техникалық шешім тауып, оптикалық инфрақұрылым негізінде ұялы байланыс операторлары өз желілерін құрып, ауылдарға кеңжолақты мобильді интернет келді. Қазіргі жағдайда жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізу - халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың, қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюдың алғышарттарының бірі»

«Қазақтелеком» АҚ филиалы Орталық ӨТД-нің бас директоры Қажымұрат Темірханов

Осакаров ауданының алты ауылынан (Трудовое, Шідерті, Степное, Звездное, Сарыөзек және Мирное) бөлек «Қазақтелеком» осы жылдың соңына дейін Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданындағы 20-ға жуық кітапхана мен мәдениет үйлерін кең жолақты интернетпен қамтымақ. Ол үшін ұлттық байланыс операторы SkyEdge технологиясын қолданатын болады.

Тегтер: