«Қазақтелеком» отандық киберспортты TV+ платформасына шығарды

02 маусым, 17:46

Фото: telecom.kz

Мамыр айының соңында «Қазақтелеком» АҚ іске қосқан ТВ + платформасында отандық киберспорт турнирлерінің алғашқы онлайн-трансляциялары өткізілді.

«Қазақтелеком» өзіндік контент қалыптастыру жолына түсті. Солардың алғашқы бағыттарының бірі – киберспорт  турнирлерін тікелей эфирден көрсету ал бұған TV + қосымша аудитория тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жетекші интернет-провайдері екі жылдан бері Қазақстанда киберспортты дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Елдегі ең танымал әрі кең таралған кибер жарыстарының бірі «Alaman» дүниеге келген күннен бастап әлі күнге дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның патронаттық қолдауымен ұйымдастырылып келеді.

Серияның атауы ежелгі дала жарыстарымен байланысты. Бұл аламан-бәйгеге кез-келген адам қатыса алатындығымен, осы қазаққа жатық атауды иеленген турнирлер демократиялық сипатымен және барлық қазақстандықтар үшін қол жетімділігімен ерекшеленеді.

Турнирдің екі жылдық тарихында (алғашқы турнир 2020 жылдың ақпанында Қарағандыда оффлайн режимінде өтті) серия тармақталып, 4 негізгі бағытты қамтитын болды: «Alaman Main» – киберспорттың жаппай онлайн-турнирлерінің басты сериясы, «Alaman Stream Show» – түрлі ойындарға арналған ютуберлермен, стримерлермен және медиа тұлғалармен турнирлер, «Alaman Sports» – кәсіпқой ойыншылар мен олимпиадалық ойындарға қатысатын командалардың дайындық турнирлері және «Alaman FastCup» – pinger.pro кибер платформасында жаңадан бастаушы ойыншыларға арналған апталық турнирлер.

«Аламан-2021» сериясындағы барлық турнирлердің жалпы жүлде қоры – 34 миллион теңге. Бұл қазақстандық онлайн спорттың аудиториясын күрт арттыруға қауқарлы. Былтырғы жылғы жарыстарға 31 мыңға жуық электронды спортшылар қатысқан және одан да көп 1 миллион көрермен олардың шайқастарын тамашалады.

«Аламан» сериясын кеңінен танытудың тағы бір мысалы – оның «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылдың 10 наурызында коммерциялық пайдалануға енгізген көп экранды TV+  платформасына енуі және содан бері өнім абоненттерінің саны 70 мыңға жақындауы.

ТВ + аз уақыттың ішінде серіктестікті алға жылжытатын компанияның негізгі бренді және қолданушыларға контент жеткізудің негізгі құралына айналды. Осы платформада қазақстандық киберспортшылардың турнирлері мен ағындарының теледидарлардағы алғашқы тікелей эфирін ұйымдастыруы кездейсоқ емес.

27 мамырда TV+ платформасында  «Аламан» тікелей эфирінің алғашқы онлайн-трансляциясы өтті және Pinger.pro бас директоры Бауыржан Садиев пен креативті менеджер Олег Орличенко, сондай-ақ танымал қазақстандық стример Алдияр Жекешев пен танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда киберспортты дамыту туралы өздерінің көзқарастары туралы айтып, алдағы турнирлер туралы хабарлады.

Екі жүзге жуық көрермен бұл трансляцияны тікелей эфирде тамашалады, олардың 85% теледидардан, қалған 15% смартфоннан көрген.

28 мамырда, «Alaman FastCup Clash Royale» бағытындағы турнирінің алғашқы ойыны тікелей эфирде көрсетілді. Спорттық ортада танымал Hapek Narek Маранян и Антон Vanco Ванко ойын барысынан хабар таратып, түсініктеме беріп отырды. Ойынды тікелей эфирде жеті жүзге жуық көрермен тамашалады, олардың 44%-і – теледидардан, қалған 56%-і смартфоннан көрген, яғни жаңа көрермендердің басым көпшілігі қолда бар смартфондарды қолай көретіні белгілі болды.

Ақырында, 2021 жылы 29 мамырда pinger.pro платформасына танымал стримилер шақырылды, олар «Alaman Stream» турнирі аясында 1 миллион теңге жүлде қоры бар турнирде «Counter Strike» ойнады және бұл үшінші трансляция қазірдің өзінде мыңға жуық көрермен жинады. Бұл жерде теледидарлардағы және смартфондардағы көру коэффициенті сәйкесінше 87% және 13% болғанды назар аударарлық. Бұдан шығатын қорытынды мынау: көрермендер теледидарды артық көрді, өйткені ойын процесін қадағалау смартфонға қарағанда үлкен экранда әлдеқайда ыңғайлы.

Үш күн ішінде турнирдегі эфирдегі 200 адамнан 1 мың адамға дейін көрермендер санының өсуі Қазақстанда онлайн спорттың да, жаңа телевизиялық платформаның да танымал болғанын айғақтайды.

«TV + көмегімен Қазақтелеком киберспортшылардың кең аудиториясына интернетте де, жазбада да өткізілген турнирлердегі бірегей мазмұнды көруге, нақты білім алуға және алынған дағдыларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Одан бөлек электронды спорттың трансляциясын тамашалаған әуесқой адам тәжірибелі ойыншылармен бірге турнирлерге қатысуға шешім қабылдауы әбден мүмкін, және ойыннан ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар қомақты жүлде қорына таласуы да маңызды», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес Дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.

TV + платформасының электронды спортсүйер қауымға да, қарапайым телекөрерменге де мүмкіндігінше ыңғайлы ететін бірқатар ерекшеліктерін атап өту маңызды. Кез-келген гаджеттен тікелей эфирде және жазылған эфирді көру, барлық таратылымдардың бейне жазбалары мұрағатта сақтап, өздеріне ыңғайлы уақытта қарап шығу мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда жазбаны толығымен қараудың қажеті жоқ: кері айналдыру функциясы көрерменге кез-келген минуттан бастап қызықтыратын бағдарламаны көре бастауға мүмкіндік береді. Егер көрерменде қосымша болмаса, оны мобильді құрылғыға немесе SmartTV-ге жүктеп, ең қарапайым тіркеуден өтіп, қажетті мазмұнды көруден ләззат алуға болады. Соның ішінде киберспорт контентін қарауына мүмкіндік бар және бұл мазмұн күн сайын көбейіп келеді.

«Біздің мамандар TV+ өнімін тұтынушыларға көретін бағдарламаларын таңдауда максималды еркіндік беру үшін жасады: үйде немесе көшеде, теледидар экранында немесе сурет сапасы жоғары смартфонда қарауға болады. Бірақ бұл жаңа телевизиялық платформа міндеттерінің бірі ғана, жаһандық деңгейде бұл біздің компанияның өзіндік мазмұнын қалыптастырудың және оны қазақстандық көрермен арасында көбейтудің алаңына айналуы керек.

Бұл жерде біз киберспорт қоғамдастығымен ынтымақтастықта үлкен мүмкіндік көріп отырмыз, өйткені бұл спорт түрінің аудиториясы Қазақстанда да, бүкіл әлемде де жыл сайын артып келеді. Әлемдік аренадағы қазақстандық кибер спортшылардың жетістіктері киберспорттың шетелдік жанкүйерлері арасында біздің өнімге назар аударта алады», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ өнімдерін әзірлеу және енгізу департаментінің директоры Анара Ахметова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации