Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 12  алтын медаль жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды. Аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Азия чемпионатында Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды), Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын), Зухра Ирназарова (жекелей сын), Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды), Юрий Юрков сынды мергендер үздік нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф