Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үйдің ауласы аббаттандырылады

21 шілде, 15:29
Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үйдің ауласы аббаттандырылады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен 2021 жылы Еңбекші ауданында 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары басталды.

Шымкент, NEGE. Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Халық қатысатын бюджет» жобасын кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта аудан әкімі «Теріскей» шағын ауданындағы 59,67,68-ші көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырды. Сонымен бірге, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді.

Одан бөлек, қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында осы жылы 16 дана ашық спорт алаңшалары салынатын болады.