Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шарасы қолға алынды

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының I тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шарасы қолға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 21 842 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 5 885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (26,9%).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды жолдау жоспарлануда. Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 600 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Биыл сәуір айында 600 адамға мемлекеттік грант беріледі.

Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бойынша нақты 5885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына 2430 адам (34,6%) орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 109 (54,5%), жастар практикасына 568 (22,7%), ақылы қоғамдық жұмыстарға 2778 адам (90,8%) жолданды.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсандағы жағдай бойынша 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов