Дауылды желден зақымданған ғимараттар қалпына келтірілуде

02 маусым, 16:52

Фото: ғаламтордан

Шымкентте кеше соққан дүлей дауылдан зақымдалған ғимараттар мен құрылыстар меншік иелерімен қалпына келтірілуде.

Шымкент, NEGE. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Жаксибаев мәлім етті.

«1 маусым күні сағат 18.50 минут шамасында «Казгидромед» филиалының мәліметіне сәйкес қала аумағында орын алған желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метрді құраған. Желдің салдарынан қала бойынша 2 білім беру объектілердің, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 3 коммерциялық ғимараттардың шатырлары ұшып, автокөліктердің үстіне құлаған. Нәтижесінде, 1 бала зардап шекті және 6 автокөлік зақымдалған. 2009 жылы туылған 12 жасар баланың бүгінде жағдайы орташа. Қайтыс болғандар жоқ. Жалпы 10 мекенжайда 3223 шаршы метр ғимараттардың шатыры желмен ұшырылғаны анықталды»,-деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсәт шағын ауданы, Қайнарбұлақ саяжайында, Сайрам, Исфиджаб, Өтеміс, Шапырашты, Қызылсу тұрған алабтарында жарық сөңген (шамамен 14 мың тұтынушы). Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электрстансалардың мамандары атқарып, сағат 23:00-де аталған мекенжайларға электр қуаты қайта қосылды.

Дауылды желден кейін зақымға келген Нұрсат тұрғын алабындағы №74, 75, 76, 86, 111 тұрғын үйлер мен екі мектеп жауапты мердігер мекемелермен кепілді мерзімі аясында толығымен қалпына келтірілетін болады. Қажетті құрылыс материалдары мен жұмылдырылатын жұмыс күші мердігер есебінен жүргізіледі. Аталған нысандар бойынша кепілді мерзімі бүгінгі таңға өтпеген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации