Аулалар қоқыстан тазартылды

13 қыркүйек, 15:56
Аулалар қоқыстан тазартылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Атап айтқанда, 15, 16, 17, 18, Күншығыс, Теріскей шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері және шағынауданның ішкі орам жолдары, сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды.

Аталған жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС және «Боракбаев» ЖК мекемелерінің 105 жұмысшысы, 5 - ГАЗ-53 самосвал, 5 трактор МТЗ жұмылдырылды.

Аудандағы орталық көшелер күн сайын, ал тұрғын үйлер аулалары аптасына 4 рет тазартылып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үздіксіз жүргізіледі.

Осы орайда, қала тұрғындарының назарына! Қоқыс жиналған жерге қарағанда қоқыс шашылмаған жер таза болады. Аула тазалығына әрбіріміз жауапты екенімізді ұмытпасақ. Шымкент – ортақ үйіміз!