Ағайынды Емельяновтар байдарка мен каноэде есуден олимпиада лицензиясын жеңіп алды

05 мамыр, 14:55
Ағайынды Емельяновтар байдарка мен каноэде есуден олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Фото: ғаламтордан

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтуде. 

Алматы, NEGE. Екі адамдық каноэде сынға түскен Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңімпаз атанып, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Ағайынды Емельяновтар С2 1000 метр жаттығуы бойынша сынға түскен болатын. Іріктеу турнирінің ережесі бойынша, тек жеңімпаз атанған команда Олимпиада жолдамасын еншілейді.

Шымкент қаласы спортшыларының қоржыны осылайша тағы бір жолдамасымен толықты. Сонымен, жолдама саны беске жетіп отыр.