18 Маусым 19:16

Абаттандыру ережесін бұзушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Фото:

Бүгінде шаһар тазалығы басты назарда. Осы орайда, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Еңбекші ауданына бөлінген экологиялық полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Шымкент, NEGE. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудан аумағындағы көше бойларына құрылыс қалдықтары мен құрылыс материалдары тасталған мекенжайларды анықтап, полиция қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес хаттамалар толтырды.

Айта кетейік жыл басынан бері қала тазалығы байланысты 124 азаматқа хаттамалар толтырылып, 87 000 теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде осы уақыт аралығында 98 орын тазаланып, ретке келтірілді.

Тегтер: